FMCG нарығы – бәсекелес әрі көп деңгейлі орта. Дәл сондықтан да барлық бизнес-процесті бірыңғай жүйеге біріктіре отырып, тауарды көшбасшылық орынға шығару бойынша тиімді шешімдер ұсынатын біліктілігі жоғары дистрибьюторға жүгіну маңызды.
«Бостан» ЖШС клиентке бағдарланған компания болып табылады. Біздің саясат барлық іскерлік серіктестерме: шетелдік жеткізушілермен және қазақстандық ритейлерлермен ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді қарым-қатынас құруға негізделеді.
Қазіргі таңда біз өнімді ТМД, Еуропа және Азия елдерінен аламыз. Біздің компания жеке және өзге де жеткізілімдерді топтастырып жөнелту мүмкіндігіне ие. Біздің бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезіндегі негізгі басымдығымыз – әр клиентке жеке мән беру және клиент қажеттіліктерін терең түсіну. Біз әрқашан ынтымақтастыққа дайынбыз, сондықтан халық тұтынатын тауарларды дистрибуциялау бойынша кез келген ұсынысты қарастырамыз.
Біз күнделікті 4000-ға дейін сауда нүктелеріне қызмет көрсетеміз
Біздің мобильді жүйе кепілдік береді:
Тапсырыстардың дәл әрі жылдам орындалуына, өңдеуге шығындарды азайтуға, сауда өкілдерін және сатылымдар тиімділігін бақылауға
Өнімді тапсырыс берілгеннен кейін келесі күні жеткіземіз
Біз тауарды Интернет арқылы сатып алу, логистикалық және қаржылай ресурстарды оңтайландыру мүмкіндігін береміз
Біздің ҚР барлық аймақтарын қамтыған үлкен өткізу желіміз бар, төмендегі қалаларды қосқанда:
Алматы, Нұр-Сұлтан, Тараз, Шымкент, Қарағанды, Талдықорған, Өскемен, Ақтөбе, Жезқазған, Павлодар, Семей, Көкшетау, Қызылорда, Балқаш және Екібастұз
Тауарларды дәстүрлі бөлшек сауда, құрылыс нарығы, сұлулық салондары арналарына дистрибуциялауды жүзеге асырамыз.
Белсенді клиенттер базасы 25 000 сауда нүктесінен тұрады.
Біздің компанияның жеке көлік логистикасы және қойма үй-жайлары бар. Жұмыс тікелей, делдалдардың қатысуынсыз жүзеге асырылады
Біз елдегі ірі сауда желілерімен, орта және шағын дүкендермен, дәріханалармен, нарықтағы сауда нүктелерімен жұмыс жасаймыз