Рус

Ұлттық дистрибуция нарығын
дамытып келе жатқан кәсіпқой
мамандар

Кері байланыс
background

Компания тарихы

Қазақстанның логистикасы мен инфрақұрылымы
жағынан бірегей жетекші компаниясы

«Бостан» компаниясы 1996 жылы құрылған. Сол кезде шағын фирманың атауы қазақ тілінен аударғанда «Еркіндік» деген сөзді білдірді. Негізін қалаушылар әу бастан таңдалған салада жоғары сапалы сауданы ұйымдастыруға – кәсіби бағыттағы және күнделікті пайдаланылатын азық-түліктік емес тауарларды таратуда күші мен білігі жететініне сенімді болды.

Қазіргі таңда «Бостан» компаниясында Қазақстанның әр аумағында тәртіппен жұмыс істейтін 850-ден астам қызметкер бар. Кәсіби тәжірибеміз бен сараптық біліміміздің арқасында біз жетекші әлемдік өндірушілермен жұмыс жасаймыз.

Біздің компанияның мақсаты – әр сатып алушы кез келген сату нүктесінде қалаған тауарын сатып алатындай, брендтерді қолдауды қамтамасыз ету.

Компания туралы сандармен

Тәртіпті әрі міндетті серіктес беделі

  • Компанияның негізі құрылған күннен бастап 25 жыл

  • 25 000 кәсіпорын ай сайын біздің қызметті пайдаланады

  • Командада 850 мүдделес

  • Қазақстанның барлық аумағында 10 кеңсе

Қайырымдылық

Әлеуметтік жобаларды тұрақты түрде жүзеге асыру

Біздің компания қайырымдылық акциялары мен іс-шараларын өткізуге материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетеді. Біз жалпы адами құндылықтар ұжымдық мәдениттің ең маңызды элементтерінің бірі екеніне сенеміз.

    Қайырымдылық жобаларын өткізуге қолдау көрсетіледі:

  • №1 Алматы облыстық балалар үйіне
  • «Ақ көгершін» балалар қорына
  • Орыс Православ шіркеуінің Параскевинск махалласына
  • Әулие Сергей махалласы жанындағы балалар үйі мен қарттар үйіне